Текст
"Менің Отаным - Қазақстан"атты сынып сағатына қатысты. Сынып сағаты қазақстандық патриотизм мен өз Отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге бағытталды. Оқушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен танысты. Олар өлең тыңдап, өз халқының тарихымен танысты. Іс-шара соңында балалар сурет салып, осы тақырып бойынша шағын құттықтаулар жасады.