"Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 21 ақпандағы № 41 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 ақпанда № 34060 болып тіркелді
1. "Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20478 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 13-қосымшамен толықтырылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі |
Г. Бейсембаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
Қазақстан Республикасы |
|
Қазақстан Республикасы |
1. Осы "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарына:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының алқалы басқару органы болып табылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2. "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін көрсетілетін қызметті алушы білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Білім беру ұйымында өтініштерді қарау үшін бірінші басшының шешімімен жауапты тұлға бекітіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен құжат иесінің келісімі болған жағдайда, порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған бір реттік парольді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
5. Көрсетілетін қызметті алушылардың осы Қағидалардың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарын тексеру қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек бөлу туралы хабарлама дайындайды.
6. Осы Қағидалардың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушыларды қаржылық және материалдық көмек алуға отбасының материалдық жағдайын тексеру қорытындысы (бұдан әрі – қорытынды) негізінде қамқоршылық кеңес айқындайды.
7. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 1 – тармағының 5) тармақшасында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарын тексеру қорытындылары бойынша 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің (отбасының) қызмет алушының қатысуымен, ал ол болмаған жағдайда-отбасының кәмелетке толған әрекетке қабілетті мүшелерінің бірінің материалдық жағдайына тексеру жүргізеді.
Қорытындыға қамқоршылық кеңес мүшелері қол қояды және танысу үшін көрсетілетін қызметті алушыға, ал ол болмаған жағдайда – қатысуымен тексеру жүргізілген отбасының кәмелетке толған әрекетке қабілетті мүшесіне осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
9. Қорытынды жасалғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде қамқоршылық кеңестің отырысын өткізеді және отырыстың қорытындысы бойынша осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хаттама рәсімдейді, оған қамқоршылық кеңестің қатысып отырған мүшелері қол қояды және білім беру ұйымының бірінші басшысының шешімімен бекітіледі.
10. Қамқоршылық кеңес отырысының қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету туралы хабарлама дайындайды.
11. Осы Қағидалардың Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік–процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚР ӘПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімдер туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жолдайды.
Тыңдау рәсімі ҚР АӨК-нің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
13. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қаржылық және материалдық көмек алуға өтініштерді тіркеу журналын жүргізеді.
14. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 5) тармақшасына, 14-бабының 3) тармақшасына, 23-бабына сәйкес орталық мемлекеттік орган осы Қағидаларға өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды өзектендіреді және көрсетілетін қызметті берушілерге, Бірыңғай байланыс орталығына, Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, шағымды қарайтын орган жүргізеді.
Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасаған лауазымды тұлғаға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
|
"Қаржылық және материалдық |
нысан
|
______________________ |
Сізден ___________________________________________________________
(себептер көрсетіледі) байланысты
_______________________________ сыныптың білім алушысы, тәрбиеленушісі
_____________________________________________________________________
түрінде (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
______________________ қаржылық/материалдық көмек көрсетуіңізді сұраймын.
Киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алғанда оларды сатып алған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаражаттың нысаналы жұмсалғанын растайтын құжаттарды ұсынуға келісемін.
Жалған ақпарат пен анық емес (жалған) құжаттар бергенім үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Ақпараттық жүйелердегі "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалатын құпия мәліметтерді қолдануға келісім беремін.
"____" ______________2023 жыл ___________________ ______________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
|
"Қаржылық және материалдық |
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Білім беру ұйымдары |
|
|
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. |
|
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 10 (он) жұмыс күні; 2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 30 минут. |
|
|
4 |
Көрсету нысаны |
Қағаз түрінде |
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету туралы хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап. |
|
|
6 |
Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оны алу тәсілдері |
Тегін |
|
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің: www.gov.kz интернет-ресурсында; 2) www.egov.kz порталында орналасқан. |
|
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік корпорацияға: 1) өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет); 3) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың (балалардың) туу туралы куәлігі электрондық нысанда немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесі; 4) неке қию немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (АХАЖ АЖ-да мәліметтер болмаған жағдайда); 5) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы, осы Қағидалардың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар санатын патронаттық тәрбиелеуге және қабылдау отбасына беру туралы уәкілетті органның шешімінің көшірмесі; 6) осы Қағидалардың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлғалар санаты үшін "Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 46 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10325 болып тіркелген) бекітілген Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан авариялардың, зілзалалардың, апаттардың себептерін тергеп-тексеру актісі қоса беріледі. Осы Қағидалардың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдардың санатын отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру қорытындысы негізінде білім беру қамқоршылық кеңесі айқындайды. |
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) "Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысында белгіленген талаптарға көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі; 3) отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша дайындалған қамқоршылық кеңестің қорытындысына сәйкес қаржылық және материалдық көмек көрсетуді қажет етпейді; 4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады. |
|
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторландырылған субъектілер үшін қолжетімді. Субъект мобильді қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өтеді, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды. |
|
|
|
"Қаржылық және материалдық |
|||
нысан
20__ - 20__ оқу жылында қаржылық және материалдық көмек көрсетілетін
тұлғалар тізіміне _________________________ енгізілген.
(баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_________________________
Күні, басшының қолы
Мөрдің орны
|
"Қаржылық және материалдық |
нысан
Қаржылық және материалдық көмек алуға өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы
20__ жылғы "___" _______________
_________________________ (елді мекен)
1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есепке алынады) _____ адам, оның ішінде:
№ |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Туған күні |
Өтініш берушіге туыстық қатынасы |
Білімі |
Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны, тәуелсіз қызметкерлер, жұмыссыз) |
Жұмыспен қамтылмау себебі |
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелуі туралы деректер |
Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы туралы мәліметтер |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Еңбекке қабілетті барлық адам_____________.
Жұмыссыз ретінде тіркелгендері ______адам.
Жұмыспен қамтылмаудың басқа да себептері (іздеуде, бас бостандығынан айыру орындарында)______ адам.
Кәмелетке толмаған балалардың саны _______ адам, оның ішінде:
толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі білім алушылар _______ адам, жасы ______;
жоғары және орта арнаулы оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ________ адам, оқу құны жылына бір оқушыға ______________теңге.
____________________________________________________
____________________________________________________
Ас бөлмесін, қойманы және дәлізді есептемегенде бөлмелер саны _____
Тұрғын үйді ұстауға бір айдағы шығыстар ________________
№ |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Табыс түрі |
Өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы сома |
Жеке қосалқы шаруашылық (үй жанындағы учаске, мал және құс), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер) |
автокөлік (маркасы, шығарылған жылы, құқық белгілейтін құжат, оны пайдаланудан түскен мәлімделген кірістер)
____________________________________________________
____________________________________________________
қазіргі уақытта тұрып жатқан тұрғын үйден басқа тұрғын үй (оны пайдаланудан түскен мәлімделген кірістер)
____________________________________________________
____________________________________________________
8. Отбасының өзге табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
____________________________________________________
____________________________________________________
9. Тұрмысының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы
____________________________________________________
10. Басқа байқалғаны:
____________________________________________________
____________________________________________________
Қамқоршылық кеңесінің өкілдері:
_____________________________ _____________________________________
Білім беру ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты тұлға:
_________________________ _____________________________________
__________________________ _____________________________________
__________________________ _____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жасалған актімен таныстым:
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
____________________________________________________
Тексеру жүргізуден бас тартамын
_____________________________________________________________________
(Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
|
"Қаржылық және материалдық |
|
Нысан |
20__жылғы "__"______ №_ ______________________ ____________________
(Орналасқан жері) (Уақыты мен күні)
1. Қамқоршылық кеңесінің құрамы: ______________________________
(құрамын көрсету)
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Р/с № |
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Білім алушының/тәрбиеленушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), сыныбы |
Күні/өтініш нөмірі |
Көмек түрі |
|
Қаржылық |
Қаржылық |
||||
|
|
|
|
|
|
|
Жалпы |
|
|
|
|
1) Мына өтініш берушілерге көмек көрсетілсін:
Р/с № |
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Білім алушының/тәрбиеленушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), сыныбы |
Күні/өтініш нөмірі |
Санаты |
Қаржылай көмек, теңге |
Материалдық көмек |
|
түрі |
сомасы, теңге |
||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жиыны |
|
|
|
|
|
|
2) __________________________________________________ (негіздеме)
себебі бойынша көмек көрсетуден бас тартылсын.
Бұл шешім үшін дауыс берді:
Қолдайды ______ дауыс (қамқоршылық кеңесі өкілдерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса));
Қарсы ______ дауыс (қамқоршылық кеңесі өкілдерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)).
Қамқоршылық кеңесінің өкілдері:
_______________ ___________________
_______________ ___________________
Білім беру ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген
жауапты тұлға
_______________ ____________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жасалған актімен таныстым:
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
|
"Қаржылық және материалдық |
нысан
Қаржылық және материалдық көмек алуға өтініштерді тіркеу журналы
Р/с № |
Тіркеу нөмірі |
Өтініш қабылдан ған күн |
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Өтініш берушінің тұратын мекенжайы |
Қарауға берілген күні |
Қорытынды қабылданған күн |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кестенің жалғасы
Көмек түрі (қаржылық және материалдық) |
Білім алушы мен тәрбиеленушіге қаржылай және материалдық көмек көрсету үшін тағайындалған жалпы сома (теңге) |
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК