«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»

Соцсети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш сыныптар арасындағы «Күзгі бал».

30.09.2025

  27 қыркүйек күні КММ «Аршалы кентінің №1 жалпы білім беретін мектебінде» 1–4 сынып оқушыларына арналған жарқын да есте қаларлық мереке – «Күзгі бал» өтті. Іс-шара «Адал Азамат» тәрбиелік бағыты аясында ұйымдастырылды.

      Әр сынып өз қатысушысын «Күз аруы» байқауына ұсынды. Қыздар өздері жайлы әңгімелеп, шығармашылық таныстырылымдарын дайындады, сонымен қатар көрермендерді әсем әндерімен қуантты. Зал шаттыққа, күзгі көңіл-күй мен шығармашылық шабытқа толды.

     Жас көрермендер сыныптастарын қолпаштап, ыстық қошемет көрсетіп, плакаттар мен достық ұрандарымен қолдау білдірді. Барлық қатысушы қыздар сахнада өнерпаздықтарын, шығармашылдықтарын және өздеріне деген сенімділіктерін көрсете білді.

     Іс-шара соңында әрбір аруға оның ерекшелігін айқындайтын жеке аталым беріліп, марапатталды:

1 «А» сыныбы – Лагутик Ярослава – «Күлкі аруы»

1 «Б» сыныбы – Петрова Арина – «Күз әуені аруы»

Просмотров: 321


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст