Оқушыларымыздың кезекті жетістіктері

18.03.2026

       2025-2026 оқу жылының ІІІ тоқсанында мектебіміздің оқушылары қазақ тілі мен әдебиетінен өткен зияткерлік олимпиадаларға белсене қатысты және жақсы нәтижелер көрсетті.

          10-сынып оқушысы Пимонова Алина 27.01.2026 ж. өткен «Жарқын болашақ» Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде «Жас қаламгер» номинациясында ІІ жүлделі орынды жеңіп алды (жетекшісі -  А.Е.Кайрмденова).

          Жалпы білім беретін мектептерге арналған «Ақбота» Республикалық зияткерлік олимпиадасында да оқушыларымыз қазақ тілінен жақсы деңгейлерін көрсетті:

- 9-сынып оқушысы Кулаков Андрей, қатысушы сертификаты (жетекшісі – Ж.К.Муканова);

- 6-сынып оқушысы Чегодаев Кирилл, ІІІ дәрежелі диплом (жетекшісі – Б.Е.Дәуіт);

- 6-сынып оқушысы Торопова Диана, қатысушы сертификаты (жетекшісі – Б.Е.Дәуіт);

- 4Б сынып оқушысы Раменская Софья, ІІІ дәрежелі диплом (жетекшісі – С.Төлеген);

- 6-сынып оқушысы Меркер Илья, ІІІ дәрежелі диплом (жетекшісі – Д.Б.Утепбаева).

          Оқушыларымызға алдағы уақытта да жеңістер мен жетістіктер тілейміз.

Просмотров: 824


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу