Бракераж комиссиясының отырысы.
08.04.2026
06.04.2026 оқу жылы
Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөліміне қарасты «Аршалы кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де бракераж комиссиясының отырысы өткізілді.
Комиссия құрамына кіретіндер:
Мектеп директоры — Мухамедина А.М.
Медициналық қызметкер — Турсунова Р.С.
Әлеуметтік педагог — Жилибовская И.В.
Комиссия мүшесі — Пимонова Б.К.
Мектеп асханасының аспаздары
Комиссия мектеп асханасында тамақтандыруды ұйымдастыруды, тағамдарды дайындау сапасын және дайын тағамдарды тарату барысын тексерді.
Тексеру барысында анықталды:
- тағам дайындау блогының санитарлық жағдайы — қанағаттанарлық;
- асхана қызметкерлері санитарлық киіммен қамтамасыз етілген, сыртқы келбеті талаптарға сәйкес;
- қызметкерлер жеке гигиена ережелерін сақтайды;
- азық-түліктерді сақтау шарттары талаптарға сәйкес (тауарлық көршілестік, температуралық режим сақталған);
- азық-түліктердің жарамдылық мерзімі бұзылмаған;
- қажетті құжаттар жүргізіледі (бракераж журналы, температуралық парақ, қызметкерлердің денсаулық журналы);
- тағам дайындау технологиясы сақталған;
- тағамдар бекітілген мәзірге сәйкес дайындалған;
- тағамдардың дәмдік сапасы жақсы, талаптарға сәйкес;
- тағамдарды беру кезіндегі температуралық режим сақталған;
- тағамдардың шығымы нормаға сәйкес;
- тәуліктік сынамалар алынып, белгіленген тәртіпте сақталған.
Просмотров: 820