«ҰЛТЫН ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛЫ ТҰЛҒА»

24.09.2026

📚 «ҰЛТЫН ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛЫ ТҰЛҒА»

Тілдер күніне арналған онкүндік аясында мектебімізде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-танымдық кеш өтті.

✨ Кеш барысында оқушылар ақынның өлеңдерінен үзінділер оқып, арнайы презентациялар дайындады.
🤖 Жасанды интеллект көмегімен әзірленген интеллектуалдық ойын ұйымдастырылып, көрермендер белсенді қатысты.

🎶 Сонымен қатар Торғай елінің тумасы, жазба ақын Молдатай Жапарұлының «Ахмет туған дала» атты өлеңі оқылып, «Аққұм» әні тыңдалды.

Ахмет Байтұрсынұлының өнегелі өмірі, ұстаздық жолы мен ұлтқа сіңірген өлшеусіз еңбегі – жас ұрпаққа үлгі, кейінгі буынға баға жетпес рухани мұра.

🇰🇿 Ұлы тұлғаның есімі ұлықталып, асыл мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін!

#ТілдерКүні #ТілдерОнкүндігі #АхметБайтұрсынұлы #ҰлтынҰлықтағанҰлыТұлға #ҰлтҰстазы #РуханиМұра #ҚазақТілі #ЖасҰрпақ #МектепӨмірі 🇰🇿

Просмотров: 261

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу