Мектеп асханасында дайын тағамдарға бракераж жүргізу.

25.09.2026

2026 жылғы 24 қыркүйекте КММ «Аршалы кентінің №1 жалпы білім беретін мектебінде» мектеп асханасында бракераж жүргізілді.

Бракераждық комиссия құрамында мектеп әкімшілігі, медицина қызметкері, ата-аналар комитетінің өкілі және әлеуметтік педагог болып, дайындалған тағамдардың сапасына бағалау жүргізілді.

Тексеру барысында дайын тағамдардың сыртқы түрі, иісі, дәмі мен сапасы, сондай-ақ білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуы бағаланды.

Тексеру нәтижесінде дайындалған тағамдар белгіленген талаптарға сәйкес келіп, өткізуге жіберілді. Санитариялық-гигиеналық талаптар сақталған.

Бракераждық комиссияның жұмысы білім алушыларды сапалы, қауіпсіз және құнарлы тамақпен қамтамасыз етуге бағытталған.

Просмотров: 292


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу