Ізгілік пен құрмет күні: мектеп ардагерлерімен кездесу.
02.10.2026
1 қазан – Ізгілік пен құрмет күніне орай Аршалы кентенің №1 жалпы білім беретін мектебі өз ардагерлерін ерекше ықыласпен және зор алғыспен қарсы алды. Олар ұзақ жылдар бойы мектептің дамуына өз үлестерін қосқан жандар.
Қонақтарды мектептің кіреберісінде оқушылар мен ұстаздар гүлдер, сыйлықтар және ақжарма тілектермен қарсы алды. Мектептің акт залында оқушылардың қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Концерттен кейін ардагерлерді дастархан басындағы шайға шақырды. Әсем безендірілген дастарханда түрлі дәмді тағамдар мен тәттілер қойылды. Қонақтар шай үстінде әңгімелесіп, қызықты оқиғалар айтып, өткен күндерден естеліктерімен бөлісті.
Мектептің бірінші қабатында мерекелік фотозона ұйымдастырылып, қонақтар естелікке суретке түсті.
Мереке жылы жүздесулерге, жағымды естеліктерге және шынайы көңіл-күйге толы, жүрекке жылу сыйлаған ерекше кездесу болды!
Қосымшалар:
- 6 - whatsapp_video_2026_10_02_at_155006.mp4 9.11 Mb
- 9 - whatsapp_video_2026_10_02_at_155007.mp4 1.97 Mb