«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»

Соцсети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дебат турнирі

03.11.2021

     Аршалы кентінің № 1 ЖМ Аршалы ауданының білім бөлімімен  бірлесіп 9-11 сынып  оқушыларының арасында Қазақстан Республикасының 30 жылдығына  арналған  аудандық дебат турнирін өткізді.

      Турнирдың мақсаты: Аршалы ауданы оқушыларының арасында дебат қозғалысын дамыту, қолдау әрі насихаттау, шешендік қабілеттерін, белсенді азаматтық ұстанымдарын тәрбиелеу. 

     Турнирге   орыс тілде оқу  аудан мектептерінен 10 команда қатысты. Ойын американдық парламент форматында өтіп, үкімет және  оппозиция тараптары тыңдалды.Пікір таласу мәселелерінің негізгі тақырыптары Қазақстан Республикасының тұрақтылығы мен гүлденуі, елдің динамикалық дамуында әр азаматтың жеке басты қатысуы, қоғамның игілігі үшін жұмыс жасауға ниет ету мен қабілеттілігі,   жастардың ғылыми және шығармашылық потенциалын жүзеге  асыру,  мәдени мұрамызды сақтау және дамыту.  . 

      Ойын  онлайн режимінде 3 кезеңде өтті. Озық  командалар финалға жетіп, жүлделі орындар келесі ретімен бөлінді.

I  орын  – «Аршалы кентінің № 1 ЖМ» КММ

II орын – «Сары-Оба стансысының  № 1 ЖМ  №1»КММ

III орын – «Аршалы кентінің № 2 ЖМ» КММ.

       Қазылар алқасының шешімі бойынша  «Озық спикер»  атағы «Аршалы кентінің № 2 ЖМ» КММ  -нің  9 «А» сынып оқушысы   Химченко Ульянаға берілді..

      Турнир қорытындысы бойынша пікір талас жемісті өтілгенін , ашылған тақырыптың қызықтылығымен қатар актуалдығы мен маңыздығын да айтып шығу керек.Турнир оқушылардың дайындықтарының жоғары  деңгейін , іс-шараға қатысушылардың  ұйымдастырушылық және мектепте алған  біліктіліктерін көрсетуге тырысқан   ниетін көрсетті. Осындай іс-шаралар аудан көлемінде дебат қозғалыстарына  жаңа дем беруіне сенімдіміз.  

    Аудандық   дебат турнирде  мектебімізді  лайықты ұсынған үшін  әкімшілік атынан  11 «Б» сынып оқушылары  Биджиева  Эмина мен  Пурлис Аннаға  алғыс білдіргіміз келеді.  Тарих мұғалімі   Бакиров  Аскар  Дауылбаевичке осы  іс-шараның техникалық қолдауы мен ұйымдастыруы үшін  алғысымыз шексіз.

 

Просмотров: 211


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст