Текст
23.11.2021
Біздің мектебімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Дүниежүзілік балалар күніне арнап «Ойыншық сыйла» акциясы басталды. Бұл шараға қалауы бойынша кез келген адам қатыса алады. Жиналған ойыншықтар аудандық аурухананың балалар бөлімі мен психолог кабинетіне және көпбалалы , әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларына жіберіледі..
Акция 2021 жылдың 20 қараша мен 10 желтоқсан күндері аралығында өтеді.