Еліміздің атаулы күніне және Әлемдік балалалар күніне арналған «Ойыншық сыйла» қамқорлық акциясы аяқталды . Барлық жанашыр балаларға өздерінің бақытты сәттерімен бөлісіп, қатарлас балалрға ойыншық сыйлауға шақырдық. . Балалық шақ ойыншықсыз мүмкін емес қой! Біздің оқушыларымыз арасынан көп қолдаушылар шықты. .Көптеген отбасыларда бүлдіршіндер өскелі, ойыншықтар қалғалы. Сол ойыншықтарды шаң басып жатыр, немесе қоқысқа тастауға ой бар, ал акция арқылы тағы бір өмір сыйланады.
Барлық ойыншықтарды тазартып, аудандық ауруханаға , қалғандарын Аршалы кентінің поликлиникасының психологы кабинетіне тапсырылды. Бұдан қалғанын өмірлік күрделі жағдайға түскен балаларға сыйлаймыз.
Оқушыларымызға алғысымызды білдіріп, мейірімдік пен адалдықтары үшін, жомарттықтары үшін ризашылығымызды білдірі.