«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»

Соцсети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мейірімді жүректер!

11.01.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға арнаған жаңажылдық Үндеуінде 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады.

«Балаларға ерекше назар аудару керектігін айтты. Олардың игілігі- мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі . Сондықтан келесі жылды Балалар жылы деп жариялауымыз тиісті деп санаймын. Бұл тек ұрандау мен мерекелік іс-шаралар емес, бұл балалықты қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету өкімет тарапынан жасалатын нақты нық іс-шаралар жөніндегі әңгіме.

Өскелен жас ұрпақтың бақытты шағы мен жан-жақты үндесе дамуы- біздің жалпыұлттық міндетіміз», -деді президент.

Бүгінде біз жаңа 2022 жыл қарсаңында көмек беріп, екінші тоқсанның соңғы күні оқушыларымызға Аяз Атаның қапшығына тәттілерді толтырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлағаны үшін ата-аналар комитетіне (Мадалиева Екатерина, Чернова Ирина, Луценко Алла, Мищенко Татьяна, Гильмутдинова Анастасияға) шексіз алғысымызды айтып отырмыз.

2021 жылдың 29 желтоқсанында оқушыларымызды кенеттен мектеп дәлізінде Аяз Ата мен Ақша қар қарсы алды . Кіреберісте оқушыларға тәттілерді сыйлап, мықты дендерінің саулығы мен жақсы оқуларына тілек білдірді.

Оқушылар үшін өте жағымды әрі таңқалдырларлық сәт болды, өйткені күнделікті оқу күні шаттыққа толы ертегі күніне айналды! Бастауыш сынып оқушыларының нағыз Аяз Атаның болуы туралы күмәндері сейіліп, мектебімізге келе жатқан тамаша мерекемен құттықтап келгені нағыз ғажап, ғажап мереке болды!

Жүректеріңздің жылулын сыйлаңыздар, міндетті түрде еселеніп оралады!

Сіздерге мың да бір алғыс , біздің қадірлі ата-аналар !

Просмотров: 206

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст