«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»

Соцсети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алғашқы қоңырау мерекесі.

07.09.2022

      Жазғы демалыс күндері де зымырап өтті. Еліміздің мектептері  жазда демалып, күш-қуат алған оқушыларға есіктерін айқара ашты. Біздің мектебімізде алғашқы қоңырау бірінші сыныптардың  33 оқушысына сыңғырлады.  

    Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының Гимнімен басталды.  Аршалы ауданының әкімі Балпан Мұрат Сағатұлы Білім күнімен құттықтап, білім алушыларға жаңа табыс пен табандылық тілеп, республикамыздың лайықты азаматтары  болуына сенім білдірді..   

Мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып оқушылары осы салтанатты шараның бас кейіпкерлері болды.   11-сынып оқушылары жас балдырғандарға құттықтау сөз айтып, кеңсе құралдарын сыйлыққа тартты.  

Мерекелік көңіл-күй мектептіңерекше  безендіруінен, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы амандасуынан  сезініп тұрды.  Бұндай көңіл-күй қонақтар мен ата-аналар жүздерінен  де білініп жатты.

Ең  кіші той иелері, әрине, бірінші қатарда болды. Сырт көзге - ақ бантик  пен гүлдер патшалығы болып көрінеді. 1-ші сынып оқушылары 1-ші оқу күніне арналған бірінші тақпақтарын  айтып берді. 

Қалыптасқан дәстүр бойынша алғашқы қоңырауды 11-ші сынып оқушысы Тулегенов Диас  пен 1-ші сынып оқушысы Шимбаева Анель берді.  Алғашқы қоңырау сыңғыры 1-ші сынып оқушыларын өмірлеріндегі бірінші сабағына жол ашты!  

Просмотров: 195


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст