Бүгін Қазақстандағы Отбасы күніне арналған 8-11 сынып оқушылары үшін «Отбасы несімен маңызды?» тақырыпты дөңгелек үстел өткізілді.
Қазақстандағы Отбасы күні – 2013 жылы ресми бекітілген, бірақ тез танымал болып кеткен жаңа мереке. Бұл кез - отбасылық құндылықтарды нығайту уақыт.
«Отбасы күнінің » мақсаты - мемлекеттің ұлттық мәселесіне айналып, жанұялық құндылықтарды нығайту мәселе. Бұл салтанатты мереке өскелең ұрпақтарды тәрбиелеуде көмек беруге, отбасын құрметтеуге, демография мәселесін арттыру мен қоғамдық институтын дамытуға бағытталған.
Дөңгелек үстел қатысушылары «отбасы» сөзінің мағынасын ашатын материал дайындап, отбасылық бюджетін реттеу туралы айтып, отырыстың басты мәселесі ««Отбасы несімен маңызды?» деген сауалға жауап берді.
Іс-шара маңызды, қызық, ақпаратқа толы болды. Әр қатысушы талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерін жеткізуге тырысты.
Дөңгелек үстелдің соңында балалар «отбасы» дегенде қандай ассоциациялар туындайтынын айтып, отбасы тек қана жеке адамның жеке өміріндегі маңызды орын алмай-ақ , қоғамдағы да маңызды орындардың бірі деген түйінге келді.
Отбасы арқылы мемлекетіміз өсіп, дамып, өркендейді. Отбасы- қоғамның негізгі тірек бөлшегі ретінде жалпы адамзат құндылықтарын сақтап, жас буындардың тарихи мен мәдени сабақтастығын сақтайтын, тұрақтылық пен даммудың бас факторы.