«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»

Соцсети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп конференциясы.

19.04.2024

  Ғылым күні қарсаңында мектебімізде шағын конференция өтіп, онда 2-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» республикалық ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстар байқауының қатысушылары мен жеңімпаздары жобалық жұмыстарымен бөлісті.
Лобода Анастасия (5 «Б» сыныбының оқушысы , аудандық кезеңнің жеңімпазы) 5-сынып оқушыларына ағылшын тілін оңай әрі тез үйренуге болатын мобильді қосымшалар туралы айтып берді. Содан кейін балаларға қосымшаларды сынап көріп, ұнағандарын ұялы телефондарына жүктеп алу мүмкіндігі берілді.
Романов Александр (7 «Б» сыныбының оқушысы, аудандық кезеңнің жеңімпазы) орта буын оқушыларымен мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектерді үй жағдайында жою мәселесі бойынша өзі ойлап тапқан шешімімен бөлісті. Сондай-ақ, дәрілерді дұрыс жоймаудың қоршаған ортаға тигізетін кері салдары туралы айтты. Ол «Үйдегі дәрі қобдишасындағы мерзімі өтіп кеткен дәрілерді жоюға көмектес» челленджіне қатысуды ұсынды, осылай әрбір қатысушы салауатты ортаны сақтауға өз үлесін қоса алады.

Просмотров: 109


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст